Сырттағы шуды естіртпейтін құлаққаптар есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін

Сырттағы шуды естіртпейтін құлаққаптар есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін.
Дәрігерлердің айтуынша, шуды басатын құлаққаптарды жиі пайдалану есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Адам дыбыстарды естігенімен, оларды ажырату қиындайды, әсіресе шулы жерлерде немесе тез сөйлегенде.
Мамандардың түсіндіруінше, мұндай құлаққаптар «жасанды тыныштық» тудырады, ал бұл мидың дыбыстарды өңдеу қабілетін әлсіретіп, оларды сүзгіден өткізу және тану дағдыларын жоғалтуға әкеледі. Нейрондық байланыстар әлсіреп, тіпті күнделікті әңгімелердің өзі түсініксіз шуға айналуы мүмкін.
https://turkystan.kz/article/256209-syrttagy-shudy-estirtpeitin-ku-lakk-aptar-estu-kabiletine-ziian-keltirui-mumkin
Сіздің реакцияңыз қандай?






