Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
"Ерте жүктіліктің, жасанды жүктіліктің алдын алу медико- санитарлық ұйымдарда жастар денсаулық орталықтары немесе кабинеттері жұмыстарының мониторингі және әйел азаматшаларды скринингтен өткізу туралы" аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, комиссия мүшесі Алтынай Акбиманова баяндама жасады.
"Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы" Сарысу ауданының полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры, комиссия мүшесі Меруерт Дүйсенованың есебі тыңдалды.
"Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасының нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Ботагөз Макашева айтып өтті.
"Балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиелеу, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу шаралары, ана мен бала өлімінің проблемалары, әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау, ерекше балалардың проблемаларын шешу мәселелері бойынша" Сарысу аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлдана Кабулованың хабарламасы тыңдалды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы бірқатар мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.