СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК

СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК
Мектеп табалдырығын бала шақпен аттап, болашаққа жол ашқан мерейлі сәт соңғы қоңырау шарасы еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп жатыр. Түлектер алтын ұядағы қызықты кездермен қимай қоштасып, үлкен сапарға жол ашып, жарқын болашақтың есігін қақты. Бұл күні ұлағатты ұстаздардың сүйікті шәкірттері үкілеген үмітті арқалап, табаны нардай ауыр міндетке қол созады.
????Ерекше сезімге толы "Соңғы қоңырау" шарасы бүгін Жаңатас қаласындағы Ш.Уәлиханов мектеп - гимназиясында ерекше толқыныспен басталды. Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов, ата- аналар мен ұстаздар қатысты. Мемлекеттік Гимнмен ашылған шара барысында аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге жылы лебізін білдірді. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өз деңгейінде тапсырып, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуіне, бойына отансүйгіштік қасиет дарыған, білімді, ой-өрісі кең азамат болып қалыптасып, өмірден өз орындарын табуына тілектестігін білдіріп, қадамдарына сәттілік тіледі. Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Халықбергенұлы, мектеп директоры Ержан Көлбаев және ата-аналар сөз сөйлеп, мерекелік шараның маңыздылығына тоқталды. Әдемі кешпен көмкерілген шарада мектеп өнерпаздары ән айтып, түлектер қоштасу вальсін биледі. Күміс үнімен көңілді тербеген соңғы қоңырау соғылып, жас түлектерге сәт сапар тілегендей сыңғырлады.
????"Соңғы қоңырау" шарасы қала мен барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow