ДӘРІГЕР, ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ

ДӘРІГЕР, ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ
Жоғарғы санатты хирург және денсаулық сақтау ісінің үздігі,Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Нью-Йорк Ғылым академиясының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сағындық Ордабековтың 75 жас мерейтойына орай, аудан жұртшылығы даңқты перзентін ыстық ықыласпен күтіп алды.
????Қаланың төлқұжатынан бастау алған шара аудандық мәдениет үйінің алдында жалғасып, күй әуендері ойналып тұрды. Ұлттық киім киген қыз - жігіттер екі жақта тізіліп тұрып, қол шапалақтап, қошемет көрсетті. Домбырашылар ансамблі күй ойнап шараны әсерге бөледі.
????Аудандық мәдениет үйінде еліміздің түкпір - түкпірінен келген құрметті қонақтардың қатысуымен «Хирург, ғалым, қаламгер» атты республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция өтуде.
САРЫСУ АУДАНЫ

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow