Атырауда 5 жасар баланың саусағы шайбаға қысылып қалған

Атырауда 5 жасар баланың саусағы шайбаға қысылып қалған

Атырауда ТЖМ құтқарушылары баланың саусағын шайбадан алуға көмектесті.

ТЖМ мәліметінше, облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне 5 жасар баланың анасы көмек сұрап келді. Ол саусағын темір шайбаға салып, оны шығара алмаған. Дәрігерлер құтқарушыларға жүгінді.

ТЖМ қызметкерлері «тістегіш» авариялық-құтқару құралының көмегімен металл бөлшекті ақырын кесіп, шайбаны алып тастады. Баланың саусағын босату үшін бірнеше минут уақыт кетті. Құтқару операциясы сәтті аяқталды, медициналық көмекке мұқтаж болмады, - делінген мәліметте.

 ТЖМ
https://turkystan.kz/article/253601-atyrauda-5-zhasar-balanyn-sausagy-shaibaga-kysylyp-kalgan

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow