Мектеп маңында тыр жалаңаш жүгірген ер адам психикалық орталықта ем алады

Мектеп маңында тыр жалаңаш жүгірген ер адам психикалық орталықта ем алады

Оны полиция қызметкерлері қолға түсірді.

Астанада 7 наурыз күні түс ауа тыр жалаңаш ер адам көшеде жүгіріп жүрген жерінен көзге түсті, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Жалаңаш ер адамды Астананың Тархан көшесіндегі №5 мектеп аумағында өтіп бара жатқандар байқап қалған. Ол мектеп жанынан жүгіріп өтіп, айналасындағы адамдарды, оның ішінде балаларды да қорқытқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны қолға түсірді.

Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сол жерден дәрігерлерге тапсырылды.

«Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлеріне тапсырылды», — деп жауап берді Астана полиция департаменті.

видеодан алынған скрин

https://turkystan.kz/article/256925-mektep-manynda-tyr-zhalanash-zhugirgen-er-adam-psikhikalyk-ortalykta-em-alady

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow