Оңтүстіккореялық танымал актриса 24 жасында өмірден озды

Оңтүстіккорея сериалдарының жұлдызы Ким Сэ Рон қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Құқық қорғау органдары мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын және пәтерде күдік тудыратын заттар болмағанын мәлімдеді.
Ким Сэ Рон тоғыз жасынан бастап кинофильмдер мен корей дорамаларына түсе бастаған. Ол «Жаңа өмір» (2009) және «Белгісіз адам» (2010) сияқты туындылардағы рөлдерімен танымал.
Актриса Netflix-тің «Аңшы иттер» (2023) жобасындағы рөлімен күллі әлемге танылған.
Айта кетейік, кейінгі жылдары ол фильмдерге түскен жоқ. Себебі актриса мас күйінде көлік жүргізгені үшін тұтқындалған болатын.
https://turkystan.kz/article/256101-ontustikkoreialyk-tanymal-aktrisa-24-zhasynda-omirden-ozdy
Сіздің реакцияңыз қандай?






