Атырауда терезе арқылы ұрлыққа түскендер ұсталды

Атырауда терезе арқылы ұрлыққа түскендер ұсталды
polisia.kz
https://turkystan.kz/article/259804-atyrauda-tereze-arqyly-urlyqqa-tuskender-ustaldy

Атырауда терезе арқылы үйге кіріп, бағалы заттарды ұрлаған екі күдікті ұсталды, — деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар пластикалық терезелерді арнайы құралмен ашып, үй ішінен алтын бұйымдар мен әртүрлі валютадағы ақшалай қаражатты қолды қылған.

Үрлаған алтын бұйымдарды қаладағы бірнеше ломбардқа өткізіп үлгерген.

Сондай-ақ олардың осындай тәсілмен жасалған тағы үш ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді.

Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow