«Ажырасқан әйелдерді түсінгендеймін»: Жанқош Тұраровтың жары оқырмандарын ойлантып қойды

«Ажырасқан әйелдерді түсінгендеймін»: Жанқош Тұраровтың жары оқырмандарын ойлантып қойды

Блогер Клара Иса әлеуметтік желіде өз өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол өз жазбасында осы күнге дейін табыс тапсам деген мақсат болмағанын айтқан.

«Тұрмыс құрғанға дейін әкемнің табысына өмір сүрдім. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымның табысын ойланбай шашып, өмір сүрдім. Менің ойыма осы күнге дейін өз табысың болуы керек деген ой кірмепті. Жұмыс немесе тіршіліксіз отырған емеспін. Бірақ оны тек хобби деп қана қарадым. Әйел адамның өз табысының болуы маңызды дүниелер қатарында екенін түсіндім. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Тірлік жасаймын деген адамдарға қаншалықты қолдау білдіру керегін ұқтым. Ажырасқан әйелдерді қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін. Мен сіздерден қолдау күтемін», – деп жазды боксшының әйелі.

Айта кетейік, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінген еді.

 Фото: instagram.com / klarita_os
https://turkystan.kz/article/253079-azhyraskan-ielderdi-tusingendeimin-zhankosh-turarovtyn-zhary-okyrmandaryn-oilantyp-koidy

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow