Тұман, қар көшкіні, боран: Бүгін бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Тұман, қар көшкіні, боран: Бүгін бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, қар жауып, боран соғады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Астана қаласы мен Қызылорда облысында тұман күтіледі.

Павлодар, Ақтөбе, Ұлытау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман және көктайғақ болады.

Ақмола облысында жауын-шашын жауады.

Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, тұман түседі.

Ақтөбе облысында еріген қар суының тасқынға әкелу қаупі бар.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында көктайғақ болып, жел күшейеді.

Алматы облысында күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Жамбыл облысында найзағай ойнап, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында көктайғақ, тұман және жауын-шашын күтіледі.

Алматы қаласында қар көшкіні қаупі сақталады.

Тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, ауа райының өзгерістеріне назар аудару ұсынылады.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/257268-tuman-kar-koshkini-boran-bugin-birkatar-onirde-dauyldy-eskertu-zhariialandy

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow