Мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында хабарлады.

— Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті. Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.

Фото: akorda.kz.

https://turkystan.kz/article/258305-memleket-bassysy-zanibek-alimxanulyn-zenisimen-quttyqtady

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow