Елімізде TikTok, Instagram және Facebook желілерінде ақау болды

https://turkystan.kz/article/261557-elimizde-tiktok-instagram-zane-facebook-zelilerinde-aqau-boldy
Бүгін қазақстандық пайдаланушылар Facebook, Instagram және TikTok сияқты бірқатар танымал әлеуметтік желілердің жұмысында ақау тіркелді, деп жазды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Күні бойы аталған сервистердің жұмысында үзілістер байқалды — беттер мүлде жүктелмейді немесе VPN қолданбаса, өте баяу жұмыс істеді.
DownDetector мониторинг қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда бұл ақаулар көбіне Қазақстан аумағында тіркеліп отыр.
Facebook бойынша:
– Қазақстан – 30%,
– Португалия – 30%,
– Армения – 30%.
TikTok бойынша:
– Қазақстан – 40%,
– Сахалин облысы – 14%,
– Киров облысы – 11%.
Instagram бойынша:
– Қазақстан – 47%,
– Польша – 7%,
– Санкт-Петербург – 5%.
Beeline компаниясы мобильді трафик көлемінің азайғанын растады. Алайда операторлар өздерінің техникалық жабдықтары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Қазіргі уақытта ақаудың себептерін анықтау бойынша серіктестермен және Мемлекеттік техникалық қызметпен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ал «Қазақтелеком» өз тарапынан желілер жұмысында ешқандай ақаулар тіркелмегенін хабарлады.
Байланыс операторлары жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, 24 мамыр күні АҚШ-та 25,8 мың пайдаланушы X (бұрынғы Twitter) желісінің жұмысында ақаулар туралы шағымданған болатын. Мұндай қиындықтар Ұлыбританияда, Францияда, Жапонияда және басқа елдерде де тіркелген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






