Әскери қызметкерлер түзеу мекемесімен танысты

Бүгін, “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ибраевтың бастамасымен және Әскери полициясы басшылығының нұсқауымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесіне Тараз қалалық “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері сот үкімімен кінәлі деп танылып, аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жағдайын өз көздерімен көрді. Мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметов әскерилерге мекеменің ішкі аумағына кірмес бұрын, мекеменің ішкі тәртібі туралы нұсқаулық жургізді. Жалпы, бұл шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Бұл күні әскерилер түзеу мекемесіндегі асхана, кітапхана,медициналық бөлім және басқа да бөлмелерді аралап көрді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






