6 ұшақ бағытын өзгертуге мәжбүр болды: Starship ғарыш кемесі әуеде бөлшектеніп кетті

6 ұшақ бағытын өзгертуге мәжбүр болды: Starship ғарыш кемесі әуеде бөлшектеніп кетті

SpaceX Starship ғарыш кемесінің жетінші сынағы сәтсіз аяқталды. Зымыран орбитаға жақын қалғанда бөлшектеніп кетті.  

SpaceX инженерлері кеменің бірінші сатысы – Super Heavy үдеткішін аман сақтап қалды. Алайда, аспандағы апаттың кесірінен 6 жолаушылар ұшағы шұғыл бағытын өзгертуге мәжбүр болды.

Starship – SpaceX-тің болашақ ғарыштық миссияларына арналған басты жобасы, оның ішінде Марсқа адамдарды жеткізу жоспары бар. Дегенмен, бұл сынақтың сәтсіздігі компанияның алдында әлі де көптеген техникалық және қауіпсіздік мәселесі тұрғанын көрсетті. 

 cурет: Starship кемесінің қирауы / Боб Береш видеосынан скриншот / 24tv.ua
https://turkystan.kz/article/254698-6-ushak-bagytyn-ozgertuge-m-zhbur-boldy-starship-garysh-kemesi-uede-bolshektenip-ketti

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow