Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Азия чемпионы атанды

https://turkystan.kz/article/261549-qazaqstandyq-zenil-atlet-aziia-cempiony-atandy
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нора Джеруто екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olimpic.kz.
31 мамырда спортшы 5000 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыста жеңіске жетті.
Джеруто 14:58.71 нәтижесімен мәре сызығын кесті.
Үндістандық Парул Чаудхари екінші орынды иеленді (15:15.33), ал жапониялық Юма Ямамото үшінші орынға табан тіреді (15:16.86).
Қазақстан құрамасының еншісінде қазір алты жүлде бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






