Қазақстан конкурдан халықаралық турнирде екі жүлде иеленді

Қазақстан конкурдан халықаралық турнирде екі жүлде иеленді
olympic.kz
https://turkystan.kz/article/259107-qazaqstan-konkurdan-xalyqaralyq-turnirde-eki-zulde-ielendi

Өзбекстанның Ташкент қаласында конкурден Еуразиялық лига кубогының кезеңі өтті. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы атынан алты спортшы бақ сынады, олардың екеуі жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ксения Баталова Lady Di атты атымен 160 см биіктіктегі кедергілерден тұратын алтыншы жолды сәтті өтіп, екінші орын иеленді.

Ал Нұрила Тұрысбекова Nagano B атты атымен 130 см биіктіктегі бесінші жолда өнер көрсетіп, үшінші орынды еншіледі.

Жалпы сайысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 спортшы қатысты. Ташкенттегі кезең Еуразиялық лиганың күнтізбесіне енеді және халықаралық маусымның маңызды бөлігі болып саналады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow