Адамдар бір күнде телефонын 205 рет тексереді – зерттеу

Адамдар бір күнде телефонын 205 рет тексереді – зерттеу

Адамдар орта есеппен алғанда телефонын күніне 205 рет тексереді. Бұл – шамамен әр 5 минут сайын деген сөз. Алайда, өздерін смартфонға тәуелді деп санайтындардың үлесі тек 43% екен.  

Ал шынайы деректер не дейді:  
- 80% адам оянғаннан кейін алғашқы 10 минут ішінде телефонын қолына алады;  
- 76% хабарламаларға 5 минуттан кешікпей жауап береді;  
- 40% телефонның қуаты 20%-дан төмендесе, уайымға салынады;  
- 89% кинотеатрда болғанда да смартфонын тексереді.  

Бұл статистика гаджеттерге деген тәуелділіктің қаншалықты тереңдегенін көрсетеді. Смартфондар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанымен, олардың шамадан тыс қолданылуы психологиялық және әлеуметтік мәселелерге әкелуі мүмкін.

 cурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/254089-adamdar-bir-kunde-telefonyn-205-ret-tekseredi-zertteu

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow