Албанияда TikTok желісіне тыйым салынды

Албания үкіметі TikTok-ты 12 айға жабу туралы шешім қабылдады.
Үкімет әлеуметтік желі балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен қорлаудың көбеюіне кінәлаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Аталған елдің білім министрі Огерта Манастирлиу билік TikTok компаниясымен ата-ана бақылауын және албан тілін қосу сияқты сүзгілер орнату туралы байланыс орнатып жатқанын айтты.
«Әкімшілік 65 000 ата-анамен 1 300 кездесу өткізді, олар TikTok-ты жабу немесе шектеу туралы ұсыныстар білдірді», — деп атап өтті министр.
Албания үкіметі бұл шараны өткен жылы бастаған. Себебі қараша айында бір жасөспірім TikTok-тағы жанжалдан кейін екінші жасөспірімді пышақтап өлтірген болатын. Ал желтоқсан айында Албания премьер-министрі Эди Рама платформаны жабуды жоспарлап отырғандарын мәлімдегенде TikTok албан үкіметінен «жедел түсініктеме» сұраған еді. Бейсенбі күні Рама олар «балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін бірқатар шараны ұсыну» мақсатында компаниямен «позитивті диалог» жүргізіп жатқанын айтты. Егер келіссөздер сәтті өтсе TikTok желісін қолдануға қайта рұқсат берілуі мүмкін.
Фото: Pixabay
https://turkystan.kz/article/256877-albaniiada-tiktok-zhelisine-tyiym-salyndy
Сіздің реакцияңыз қандай?






