«Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тұрған азаматтарға 264 млн теңге жалақы төленбеген

https://turkystan.kz/article/258645-zastar-praktikasy-bagdarlamasymen-zumysqa-turgan-azamattarga-264-mln-tenge-zalaqy-tolenbegen
Қызылорда облысының Прокуратурасы тексеріс жүргізіп, облыста жұмыскерлердің конституциялық құқықтары шектеліп, жалақысы төленбегенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 адамға қаңтар айындағы 263,9 млн теңге еңбекақысы төленбеген.
Прокуратура араласқаннан кейін 2360 жас жұмыскердің жалақысы толық төленді.
Жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті мекеменің басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






