iPhone енді өзге тілдегі қоңырауларды дәл сол сәтте аударады

iPhone енді өзге тілдегі қоңырауларды дәл сол сәтте аударады
сурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/262063-iphone-endi-ozge-tildegi-qonyraulardy-dal-sol-satte-audarady

iPhone-да енді қоңырау кезінде екінші адамның сөзін, сондай-ақ бейнежазбалар мен Apple Music-тегі әндердің мәтінін нақты уақытта аударатын аудармашы пайда болды, деп хабарлайды turkystan.kz apple.com-ға сілтеме жасап.

Apple компаниясы iPhone құрылғыларына жаңа жаңартулар енгізіп, пайдаланушыларға сөйлесу кезінде шет тіліндегі сөздерді нақты уақытта аударуға мүмкіндік беретін аударма функциясын таныстырды. Бұл жаңа мүмкіндік бейнежазбалар мен Apple Music-тегі әндердің мәтініне де қатысты, енді ән тыңдап отырып, оның мәтінін өз тіліңізде оқуға болады.

Бұл функция iOS 18 жүйесінің бір бөлігі ретінде ұсынылып отыр және аударма мәтін түрінде көрсетіледі. Жаңа технология тіл үйренушілер мен халықаралық байланыс орнататын адамдар үшін өте пайдалы болмақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow