Жасанды интеллект ақындардан озды: Адамдарға ЖИ жазған өлеңдер көбірек ұнаған

Жасанды интеллект ақындардан озды: Адамдарға ЖИ жазған өлеңдер көбірек ұнаған

Жаңа зерттеу нәтижесі бойынша, адамдар өлеңді адам жазғанын немесе жасанды интеллект жазғанын ажырата алмайды. Соған қарамастан, олар AI жазған поэзияға жоғары баға беріп, оны ырғағы мен көркемдігі жағынан тартымды деп тапты. Зерттеу Scientific Reports журналында жарияланды.

Зерттеуді Брайан Портер мен Эдуар Мачери жүргізді. Олар адамдардың AI мен кәсіби ақындар жазған өлеңдерді ажырата ала ма және бұл шығармаларға қандай баға береді деген сұрақтарға жауап іздеді.

Ғалымдар екі эксперимент өткізді:

Бірінші эксперимент – 1 634 АҚШ тұрғыны қатысқан зерттеу. Оларға танымал 10 ағылшын тілді ақынның 50 өлеңі (әр ақыннан 5 өлең) және ChatGPT сол стильде жазған 50 өлең ұсынылды. Қатысушылар әр өлеңнің авторын анықтауға тырысты.

Екінші экспериментке 696 адам қатысты. Оларға AI және адам жазған өлеңдердің сапасын бағалау туралы тапсырма берілді. Қатысушылар шығармалардың жалпы сапасы, ырғағы, бейнелілігі мен эмоциясын бағалады. Олар сондай-ақ өлеңдердің әсерлілігі, мағыналылығы, көркемдігі туралы пікір білдірді.

Зерттеу нәтижесінде адамдар AI жазған өлеңдерді жиі жоғары бағалайтыны анықталды. Олардың ырғағы мен көркемдігі көбірек ұнаған. Бұл зерттеу AI шығармашылығы мен оның адамдар қабылдауына әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, экспериментте қолданылған AI өлеңдері белгілі ақындардың стиліне арнайы еліктеп жазылған. Бұл олардың адам жазған поэзияға қатты ұқсас болуына себеп болуы мүмкін.

 сурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/255744-zhasandy-intellekt-akyndardan-ozdy-adamdarga-zhi-zhazgan-olender-kobirek-unagan

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow