Зерттеушілер адам миын "қатырып қоюға" бір табан жақын қалды

Зерттеушілер адам миын "қатырып қоюға" бір табан жақын қалды

Ғалымдар -150°C температурада бір апта бойы сақталған тышқан миының жасушаларын сәтті ерітіп, олардың қайта жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Бұл туралы New Scientist журналында жарияланған мақалада айтылған.

Бұған дейін мұндай процесс кезінде мұз кристалдары пайда болып, жасушаларды зақымдайтын. Бірақ зерттеушілер жаңа әдіс тауып, бұл мәселені шешті.  

Нәтижесінде, ерітілген нейрондар қалыпты жұмыс істей бастады. Бұл жаңалық болашақта адам миын ұзақ уақытқа сақтауға немесе ғарышқа сапар кезінде адамдарды "ұйқыға жіберуге" жол ашуы мүмкін.

 сурет: Getty Images
https://turkystan.kz/article/256077-zertteushiler-adam-miyn-katyryp-koiuga-bir-taban-zhakyn-kaldy

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow