Тұрғын үй кешеніндегі дәретханадан ер адамның мәйіті табылды

Тұрғын үй кешеніндегі дәретханадан ер адамның мәйіті табылды
Баку қаласының Бинагади елді мекеніндегі Орджоникидзе көшесінде салынып жатқан Binəqədi Rezidens тұрғын үй кешенінің дәретханасынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Lent.az ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тергеу барысында марқұмның жеке басы анықталған. Ол – 59 жастағы Баку қаласының тұрғыны Жәнтиг Ағасадығұлы Гулиев болып шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Қайтыс болу себебі әзірге белгісіз.

Аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

https://turkystan.kz/article/258275-turgyn-ui-kesenindegi-daretxanadan-er-adamnyn-maiiti-tabyldy

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow