Трамп қашықтан жұмыс істеуге қарсы шықса да, айдың жартысын үйінде өткізген – БАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамп қашықтан жұмыс істеуге қарсы пікір білдіріп, мемлекеттік қызметкерлерді «жүйені алдайды» деп айыптаған болатын. Алайда оның өзі соңғы 29 жұмыс күнінің 12-сін үйде, гольф алаңында өткізгені белгілі болды, деп жазды CNN.
«Ешкім үйде жұмыс істемейді. Олар сыртқа шығады. Олар теннис ойнайды. Олар гольф ойнайды. Олар көп нәрсемен айналысады, бірақ жұмыс істемейді», – деген еді Трамп бұған дейін.
Бұл мәлімдемесі қоғамда сынға ұшырады. Көпшілік Трамптың өз сөзіне қайшы әрекет ететінін, ал қашықтан жұмыс істеу бүгінде тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. АҚШ-та мемлекеттік қызметкерлердің кеңсеге оралуы жөніндегі пікірталастар әлі де жалғасуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?






