Петропавлда тапанша ұстаған ер адам көшеде жүрген адамдарды қорқытқан

Офицер өз қауіпсіздігіне қарамастан, қолма-қол ұрыс тәсілдерін қолданып, оның қаруын алып қойып, полиция келгенше ұстап тұрған
Оқиға сағат 21:00 шамасында облыс орталығындағы Лермонтов пен Панфилов көшелерінің қиылысында, Рабочий ауданында болған.
6637 әскери бөлімінің капитаны қарындасына барған соң үйіне қайтып келе жатқанда, үй ауласында агрессивті ер адамды байқаған. Болжам бойынша, ол алкогольге масаң күйде болып, қаруымен ары-бері сермеп, өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан.
Офицер өз қауіпсіздігіне қарамастан, қолма-қол ұрыс тәсілдерін қолданып, оның қаруын алып қойып, полиция келгенше ұстап тұрған.
ІІМ Ұлттық ұланының мәліметінше, олардың әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті күн сайын күзетіп, кез келген жағдайда азаматтарға көмектесуге дайын.
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/256941-petropavlda-tapansha-ustagan-er-adam-koshede-zhurgen-adamdardy-korkytkan
Сіздің реакцияңыз қандай?






