Телефонмен сөйлесуден қорқатындарға арналған курс: Ұлыбритания колледжі ерекше бастаманы қолға алды

Телефонмен сөйлесуден қорқатындарға арналған курс: Ұлыбритания колледжі ерекше бастаманы қолға алды

Ноттингем колледжі студенттерді телефон қоңырауларынан қорықпауға үйрететін ерекше курс бастады. Курстың мақсаты – телефонофобияны жеңіп, студенттерді сенімділікпен сөйлесуге баулу.

Алғашынд ойын түрінде басталатын сабақтар кейін нақты өмірлік жағдайларға ұласады: студенттер мейрамханалар мен дүкендерге қоңырау шалып, қажетті ақпарат алады.  

«Біздің алғашқы қатысушыларымыз телефонофобияны жеңді», – деп мақтанышпен хабарлады колледж өкілдері.

Мұндай курс ұялшақ жастар үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр. Телефон қоңырауынан үрейлену – бүгінде көптеген жасөспірімдер арасында өзекті мәселе. Бұл бастама жастарға күнделікті өмірде өзіне сенімді болуға және коммуникативтік дағдыларын дамытуға жол ашады.

 cурет: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/254290-telefonmen-soilesuden-korkatyndarga-arnalgan-kurs-ulybritaniia-kolledzhi-erekshe-bastamany-kolga-aldy

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow