Үш апалы-сіңілі шешелерінен қалған үйді бөлісе алмай, соттасқан

Үш апалы-сіңілі шешелерінен қалған үйді бөлісе алмай, соттасқан
pixabay.com
https://turkystan.kz/article/259747-us-apaly-sinili-seselerinen-qalgan-uidi-bolise-almai-sottasqan

Тараз қалалық соты шешелерінен қалған мүлікті бөлісе алмаған апалы-сіңілілердің ісін қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үш қыз әке-шешелері қайтыс болғаннан кейін қалған үйді бөлісе алмаған.

Сотта олар медиациялық келісімге келді. Татуласу нәтижесінде олар пәтерді үшке бөлетін болды.

Қыздардың біреуі өз үлесін сіңілісіне 3 млн теңгеге беретін болып келіскен.

Сот бұл келісімді бекітті. Тараптардың келісімге келуіне байланысты іс өндірісі тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow