«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» лигасы І ойыны өтті

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастамасымен «Ой шебері» зияткерлік ойыны колледждер арасында өтті
Бүгін Жамбыл медициналық жоғары колледжінің базасында “Ой шебері” зияткерлік ойыны өтті. Ойынға облыс аумағындағы 17 команда қатысты.
Арнайы ойынға қонақ ретінде журналист Ардақ Үсейінова қатысты. Қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Осы ойында М.Әуезов “Қилы заман” повесі, Ш.Мұртаза “Ай мен Айша” және “Бір кем дүние”, Т.Ахтанов “Шырағың сөнбесін” романы, Б.Момышұлы “Ұшқан ұя” шығармаларынан сауалдар қойылды.
Ойын Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен облыстық білім басқармасының қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастыруда.
Ойын нәтижесі бойынша төмендегідей орындар алды. Олар:
1. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі
2. Жамбыл жоғары медициналық колледжі
3. “Береке” гуманитарлық-техникалық колледжі
4. Құлан агротехникалық жоғары колледжі
4. №9 Меркі колледжі
6. №3 Байзақ колледжі
6. Жаңатас көпсалалы колледжі
6. Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
9. Тараз инновациялық көпсалалы колледжі
10. Қаратау құрылыс техникалық колледжі
10. “Білім” кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі
12. Тараз “Парасат” жоғары колледжі
12. Тараз сервис және технология колледжі
12. «Астана» көпсалалы колледжі
15. Қаратау технология білім және бизнес колледжі
15. №16 Жуалы колледжі
15. Жамбыл индустриалды технологиялық колледжі
Ендігі ойында оқылатын кітаптар тізімі:
- Мұқағали Мақатаев «Аманат».
- Уәлихан Қалижанов «Жамбыл»
- Оралхан Бөкей «Апамның астауы»
- Әкім Тарази «Ауыл шетіндегі үй»
- Дулат Исабеков «Гауһар тас»
Айта кетейік, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» лигасында үш ойын жоспарланған. Командалардың жиынтық баллдарынан ойын нәтижесі шығарылмақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?






