Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Жер қатынастары басқармасының жер қатынастарын реттеу бөлімінің бөлім басшысы А.Тажиковтың баяндамасы тыңдалды.
Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша толық түсініктеме берілді.
Жиналыс соңында басқармада ұжым қызметкерлерімен ағымдағы жұмыстары талқыланды.