Рим Папасы ауруханаға жатқызылды

Рим Папасы Франциск 88 жасында ұзаққа созылған бронхит ауруын емдеу үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Папа Франциск қажетті диагностикалық зерттеулер мен бронхит емдеуін стационарлық жағдайда жалғастыру үшін ауруханаға жатқызылды", – деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, былтыр Рим Папасы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін дұға етуге шақырған еді.
https://turkystan.kz/article/256001-rim-papasy-aurukhanaga-zhatkyzyldy
Сіздің реакцияңыз қандай?






