Семейлік мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Семейлік мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/259011-semeilik-mugalim-omir-boiyna-bas-bostandygynan-aiyryldy

Семейде оқушы қызды зорлаған ұстазға қатысты сот үкімі шықты.

Іс жабық режимде облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

32 жастағы ер адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деп айыпталды. Белгілі болғандай, ол Семейдегі мектептердің бірінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, айыпталушы оқушыны көлікте зорлаған.

«Іс Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 4-бөлігі (14 жасқа толмаған баланы ​​зорлау) бойынша қаралды. Айыпталушының кінәсі жан-жақты зерттелген іс материалдарымен расталды. Сот шешімімен кінәлі деп танылған сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты кез келген лауазымды атқаруға өмір бойына тыйым салынды», – делінген ақпаратта.

Экс-мұғалім жазасын қатаң режимдегі түзету мекемесінде өтейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow