Джеки Чан каратэден қара белбеу алды

Джеки Чан каратэден қара белбеу алды
instagram
https://turkystan.kz/article/261515-dzeki-can-karateden-qara-belbeu-aldy

Әйгілі актер Джеки Чан Нью-Йоркте (АҚШ) өткен «Каратэ-пацан: Аңыздар» фильмінің премьерасы кезінде каратэден ресми түрде қара белбеу алды, деп хабарлады turkystan.kz.актер

Сол кеште дәл осындай марапатты аталмыш фильмде Чанмен бірге ойнаған актер Ральф Маччио да алды. Қара белбеулерді салтанатты жағдайда табыстаған — Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) бас хатшысы Тошихиса Нагура.

«Каратэ – жаһандық танымал бренд. Ол бүкіл әлемдегі қауымдастықтар мен поп-мәдениетте ерекше орын алады. Оның негізгі құндылықтарын «Каратэ-пацан» фильмі секілді аз ғана туынды дәл жеткізе алды», — деді WKF президенті Антонио Эспинос.

Айта кетейік, 71 жастағы Джеки Чан – әлемге әйгілі экшн жанрындағы актер. Ол өзінің акробатикалық жекпе-жек стилімен және комедиялық шеберлігімен танымал.

Ол 100-ден астам фильмде басты рөлді сомдап, әлемдегі ең атақты азиялық актерлердің бірі ретінде мойындалған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow