Астанада жас жігіт гашиш таратқаны үшін ұсталды

Астанада жас жігіт гашиш таратқаны үшін ұсталды

25 жастағы жігіт қобалжып, қашуға әрекеттенген.

Есіл ауданының полициясы жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, жергілікті тұрғынды құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда 25 жастағы жігіт қобалжып, қашуға әрекеттенген.

Полиция қызметкерлері оны қуып жетіп, ұстаған. Тінту кезінде қалтасынан 50 орам есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижесінде оның гашиш екені анықталды.

Жас жігіт есірткі затын жасырумен айналысқан. Ол жасырын орындардың координаттарын мессенджер арқылы жіберіп, қала аумағында жұмыс істеген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды есірткіні жасыру әдісімен тарату – ауыр қылмыс екенін ескертеді.

фото: polisia.kz

https://turkystan.kz/article/257870-astanada-zhas-zhigit-gashish-taratkany-ushin-ustaldy

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow