Қытай инженерлері ғарыштан адам жүзін анық ажырата алатын камера жасап шығарды

Қытай инженерлері ғарыштан адам жүзін анық ажырата алатын ең қуатты камера жасап шығарды. Құрылғы 100 км-ден астам қашықтықтан 1,7 мм-ге дейінгі ұсақ бөлшектерді көре алады. Тіпті, ол жерден спутниктердің сериялық нөмірін оқуға қауқарлы.
Камераны жасаушылар оны «ең қуатты тыңшы камера» деп ашық мәлімдеді. Яғни, сіз өз еліңізде, өз қалаңыздың орталығында әлеуметтік желіні ақтарып отырсаңыз, Қытайдағы мамандар сіздің телефоннан не көріп отырғаныңызды қарап отыруы мүмкін.
Дегенмен, қазірше алаңдауға негіз жоқ: мұндай бақылау үшін мінсіз ауа райы қажет. Атмосфералық кедергілер, бұлтты ауа райы мен табиғи факторлар құрылғының жұмысын шектейді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл технология қауіпсіздік пен жеке өмірге қатысты көптеген сұрақ туғызады.
https://turkystan.kz/article/256296-kytai-inzhenerleri-garyshtan-adam-zhuzin-anyk-azhyrata-alatyn-kamera-zhasap-shygardy
Сіздің реакцияңыз қандай?






