ҚАЖ қызметкерлері алғашқы көмек көрсетуді үйренді

ҚАЖ қызметкерлері алғашқы көмек көрсетуді үйренді

Алғашқы медициналық  көмек-бұл дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек шаралар кешені. Бүгін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің акт залында мекемедегі медициналық бөлімнің басшысы Бекжан Асановтың ұйымдастыруымен  №5 Тараз қалалық емханасының дәрігер реанимотологы Салыков Амангелді Сулейменұлы ең жиі кездесетін төтенше жағдайларда көрсетілуі тиіс алғашқы көмектерді уйретті.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты  – адам өмірін құтқару.  Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше адамның өмірін сақтап қалу. Бұл кеңестер өзімізге, жазасын өтеушілерге және басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow