Йеменде жанармай станциясы жарылып, 10 адам қаза болды

Йеменде жанармай станциясы жарылып, 10 адам қаза болды

Жарылыс кезінде жанар-жағармай құю станциясында көптеген адам болып, жарылыс кезінде қашуға тырысқан олар аласапыранға бой ұрды

Йеменнің әл-Байда провинциясында мұнай-газ қоймасы мен оған жақын маңдағы жанармай құю станциясында жарылыс болды.

Ulysmedia.kz мәліметінше, жарылыс салдарынан 10 адам қаза тауып, 65 адам әртүрлі жарақат алды.

Сахер ауданында болған жарылыс толқыны тудырған тізбекті реакциядан көршілес орналасқан екі жанармай құю станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар да отқа оранған.

Жарылыс кезінде жанар-жағармай құю станциясында көптеген адам болып, жарылыс кезінде қашуға тырысқан олар аласапыранға бой ұрды.

Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанар-жағармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 65-тен астамы жарақат алған.

 Yemenonline.info
https://turkystan.kz/article/254458-iemende-zhanarmai-stantsiiasy-zharylyp-10-adam-kaza-boldy

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow