Түзеу мекемесі тоқсан қортыныдысын шығарды

Түзеу мекемесі тоқсан қортыныдысын шығарды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің ағымдағы жылдың 3-айының жұмысын қорытындылап, алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттер пысықталды. Мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметовтың басшылығымен өткен қорытынды жиналысқа бірлесе қызмет атқарып жатқан 5513 әскери бөлімінің басшы құрамы және мекеме қызметкерлері қатысты. Жиында №59 мекемесінің ағымдағы жылдың 3-айындағы негізгі көрсеткіштер айтылды. Жедел-қызметтік және өндірістік-шаруашылық, қаржылық қызметтерінің қорытындылары шығарылып, әр бөлімге тиісті міндеттер бөлінді. Сонымен қатар, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуы, кадр және тәрбие жұмысы, жеке құрам қызметкерлерімен қоса арнайы контингентті психологиялық қамтамасыз ету сынды көптеген мәселелер талқыға түсті. Жиында 5513 әскери бөлім басшылары мекеме қызметкерлерінің мінсіз қызметі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының алғыс хаттарымен марапаттап, 2 қызметкер кеуде белгісімен наградталды. №59 мекемесі қызметкерлері де 3-ай жұмыс қорытындысы бойынша 5513 әскери бөлімі қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Жиын қорытындысы бойынша ұсынылған бастамаларды одан әрі пысықтау және ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін іске асыру үшін жұмыс жасау қажеттілігі туралы бірауыздан шешім болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow