Шымкентте жаңа жылдық шырша жанып кете жаздады

Шымкентте жаңа жылдық шырша жанып кете жаздады

Шымкент қаласындағы «Астана» алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі кезінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыршаның 0,2 шаршы метр аумағы өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілікте тұрған қызметкерлері өртті 4 минут ішінде оқшаулап, толықтай сөндірді. Олардың жедел және кәсіби әрекетінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан шыршаға аздаған зақым келгенімен, мерекелік шаралар жалғасты.

 Видеодан алынған кадр
https://turkystan.kz/article/253586-shymkentte-zhana-zhyldyk-shyrsha-zhanyp-kete-zhazdady

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow