Петропавлда тапанша ұстаған ер адам көшеде жүрген адамдарды қорқытқан

Петропавлда тапанша ұстаған ер адам көшеде жүрген адамдарды қорқытқан

Офицер өз қауіпсіздігіне қарамастан, қолма-қол ұрыс тәсілдерін қолданып, оның қаруын алып қойып, полиция келгенше ұстап тұрған

6 наурыз күні Петропавлда Ұлттық ұланның арнайы бөлімше офицері ықтимал қылмыстың алдын алды, деп хабарлады turkystan.kz Petropavlovsk News-ке сілтеме жасап.

Оқиға сағат 21:00 шамасында облыс орталығындағы Лермонтов пен Панфилов көшелерінің қиылысында, Рабочий ауданында болған.

6637 әскери бөлімінің капитаны қарындасына барған соң үйіне қайтып келе жатқанда, үй ауласында агрессивті ер адамды байқаған. Болжам бойынша, ол алкогольге масаң күйде болып, қаруымен ары-бері сермеп, өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан.

Офицер өз қауіпсіздігіне қарамастан, қолма-қол ұрыс тәсілдерін қолданып, оның қаруын алып қойып, полиция келгенше ұстап тұрған.

ІІМ Ұлттық ұланының мәліметінше, олардың әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті күн сайын күзетіп, кез келген жағдайда азаматтарға көмектесуге дайын.

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/256941-petropavlda-tapansha-ustagan-er-adam-koshede-zhurgen-adamdardy-korkytkan

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow