Елімізде көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынады

Қазақстанда көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынады, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Шын мәнінде жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарларды көрмеге шығаруға, көшпелі зообақтарға, көшпелі океанариумдарға және сол сияқты шараларға тыйым салатын норма қарастырылған. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай көшпелі цирктер, зообақтар және басқаларының қызметі тоқтатылады", – деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
https://turkystan.kz/article/253418-elimizde-koshpeli-tsirkter-men-zoobaktarga-tyiym-salynady
Сіздің реакцияңыз қандай?






