Адам миындағы микропластик бөлшектерінің деңгейі 50%-ға өскен

Миға микропластик жиналу деңгейі бұрынғыдан да жоғарылап кеткен. 2016-2024 жылдар аралығында талданған ми үлгілеріндегі микропластик мөлшері 50%-ға артқан.
Жаңа зерттеу микропластик бөлшектері адам миына еніп, белгісіз салдарларға әкелуі мүмкін екенін анықтады.
Адамдар күн сайын микропластик пен нанопластик деп аталатын ұсақ пластик бөлшектерін тыныс алу, тамақтану және су ішу арқылы жұтады. Бұған дейін ғалымдар олардың қан-ми бөгетінен өтіп, миға енуі мүмкін деп болжаған. Бұл бөгет орталық жүйке жүйесі мен қалған дененің арасындағы қорғаныс қызметін атқарады, миға қажетті қоректік заттарды өткізеді және зиянды токсиндерден қорғайды.
Nature Medicine журналында жарияланған зерттеу осы болжамды растады. АҚШ-тағы Нью-Мексико университетінің ғалымдары өмірден өткен 52 адамның ми үлгілерін зерттеген. Олардың 28-і 2016 жылы, ал қалған 24-і 2024 жылы алынған. Нәтижесінде барлық үлгіден микропластик табылды, ал 2024 жылғы ми үлгілерінде оның концентрациясы 2016 жылмен салыстырғанда 50%-ға жоғары болған.
Ғалымдар ми тініндегі микропластиктің бауыр мен бүйрек секілді басқа мүшелерге қарағанда көп мөлшерде жиналатынын да анықтады.
https://turkystan.kz/article/255807-adam-miyndagy-mikroplastik-bolshekterinin-dengeii-50-ga-osken
Сіздің реакцияңыз қандай?






