Қостанай облысында үйінде есірткі өсірген азамат ұсталды

Қостанай облысында үйінде есірткі өсірген азамат ұсталды
polisia.kz
https://turkystan.kz/article/259028-qostanai-oblysynda-uiinde-esirtki-osirgen-azamat-ustaldy

Қостанай облысында үйінде қарасора өсірген адам ұсталды, — деп хабарлайды turkystan.kz.

Меңдіқара ауданына қарасты ауылдардың бірінде полиция қызметкерлері жер үйден шағын қарасора плантациясын тапты.

38 жастағы ер адам құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен ұсталды. Тінту кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қарасора бұтасын, сондай-ақ 8,65 грамм марихуананы тапты.

Белгілі болғандай, күдікті қарасораны өзіне арнап өсірген. Бұған табылған заттар да дәлел бола алады.

Енді «бағбан» бірден бірнеше бап бойынша жауап береді. Заңсыз себу және тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, сондай-ақ есірткіні сату мақсатынсыз сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа, ер адам ҚР ӘҚБтК 440-1-бабы бойынша есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow