Вейпке толық тыйым: Мәжіліс заң қабылдады

Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда жаңа нормалар қарастырылған.

Вейпке толық тыйым: Мәжіліс заң қабылдады

"Электрон тұтыну жүйелерін (вейп) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар көзделген", - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ, құжат медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды міндетті түрде қолдануды алып тастайды.

Заң Сенаттың қарауына жіберіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow