ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШІРКЕЙДІ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ІСКЕ АСАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШІРКЕЙДІ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ІСКЕ АСАДЫ
Түркістан облысында Сырдария өзені бойымен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы елді мекендерде соңғы жылдары шіркейлердің көбеюі жиі орын алуда. Осыған орай, Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Отырар, Шардара, Мақтаарал, Келес аудандары дезинсекция жүргізу аймақтары ретінде белгіленген. Дезинсекция шараларына биыл жалпы 655,9 млн теңге қаржы қаралып отыр. Бұл жайында Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков мәлімдеді.
-Биыл облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан өткізілген конкурс нәтижесінде ғылыми сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге «Защита растений-К» ЖШС-мен және дезинсекция шараларын жүргізуге «Satti Tulik» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Сонымен қатар, аталған жұмыстарды жүргізу барысын қадағалап, қабылдауға аудан-қала әкімдіктерінің және жергілікті мәслихат өкілдерінің қатысуымен жұмысшы тобы құрылды,- деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, қазіргі таңға, мердігер «Защита растений-К» ЖШС-і тарапынан ғылыми топ құрылып, шіркейлердің көбею ошақтарын анықтау жұмыстары басталған. Топ құрамына Алматы қаласының Зоология институтының аға ғылыми қызметкері Қаршыға Көшкімбаев және басқа да білікті мамандар тартылған. Ғалым баспасөз мәслихатына арнайы қатысып, БАҚ өкілдерін мазалаған сауалдарға жауабын берді. Оның айтуынша, шіркейлердің санын азайту кезінде биологиялық және химиялық препараттармен өңдеу жұмыстары жүргізілмек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow