Суды үнемдеу – басты қажеттілік

Суды үнемдеу – басты қажеттілік
Алматы облысында ирригация желілерін модернизациялау барысымен таныстым. Өңірде 2030 жылдың соңына дейін егіс алқаптарының жалпы көлемінің 67,3%-на су үнемдейтін технологияларды енгізу жоспарланып отыр. Бұл 186,6 мың гектар.
Аралық мақсат - 90 мың гектар алқапқа су үнемдейтін суару жүйесін енгізу. Министрлік бұл нәтижеге 2027 жылға қарай қол жеткізуге ниетті.
Суды неғұрлым ұқыпты пайдалану үшін біз фермерлердің су үнемдейтін технологияларды енгізуін белсенді қолдаймыз.
Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп суару жүйелерін құруға және тамшылатып немесе жаңбырлатып суару (егістікке су жеткізудің үнемді жүйелерін) жабдықтарын сатып алу шығындарын субсидиялауды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. 50% жеткілікті деген пікірлер болды. Бірақ біз су үнемдеу технологияларын енгізуді кейінге қалдыруға болмайды деп санаймыз. Сол себепті субсидия мөлшерін 80%–ға дейін ұлғайтқымыз келеді.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow