ПРЕЗИДЕНТПЕН ЖАСТАРМЕН БІРГЕ

ПРЕЗИДЕНТПЕН  ЖАСТАРМЕН БІРГЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысып сөз сөйледі.
Президент мемлекеттік қызметте білікті салалық мамандардың тапшылығы сезілетінін айтты.
Қазіргі таңда бизнес, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина, білім және басқа да көптеген жеке секторларда еңбек етіп жүрген адамдар жеткілікті.
Қазір елімізді дамыту бағытында көптеген реформалар қолға алынуда. Оны іске асыру үшін кәсіби, білімді, нақты шешімдер қабылдай алатын мемлекеттік қызметкерлер қажет. Сондықтан, жеке секторларда жұмыс істеп жүрген білікті мамандарды мемлекеттік қызметке қабылдау ережесін анағұрлым еркін, жеңіл етіп жасау қажет.
Еркін, озық ойлы, білікті де білімді, жауапкершілікті сезінетін жалынды жастарымыздың ел болашағын баянды етуге бар күш-жігерін салатындығына сенімдіміз.
Айтбала Жолмаханова
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow