Ораза айт құтты болсын!

Ораза айт құтты болсын!
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді барша мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан айы – Жаратқан Иемізге құлшылық жасау, сабыр, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы.
Осынау қасиетті айдың аяқталуына орай аталып өтілетін айт мерекесі халқымыз үшін діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам.
Ораза айты ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейді.
Рамазан айында аудан көлемінде қаншама игі істер атқарылды.
Мешіттерімізге келген әрбір азамат Жаратқаннан жұртымыздың амандығын тілеп дұға жасауда. Маңайымызға мейіріммен қарап, қол қайырды көбірек жасап, көптеген қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды.
Бүгінде ел аумағында су тасқынынан табиғи апатқа ұшыраған облыстарға аудан тұрғындары тарапынан көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шаралары да өткізілуде.
Осы ниеттердің бәрі қабыл болсын.
Қымбатты жерлестер!
Баршаңызға дүниедегі барлық ізгі жақсылықтар мен игі қуаныштар болсын!
Алла Тағала барлықтарыңыздың амалдарыңызды қабыл етсін.
Осы мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Ораза айт құтты болсын!
Ізгі ниетпен:
Сәкен Мамытов
Сарысу ауданының әкімі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow