"Күйеу жігітке қамшы өргізсін": Тойда қалыңдықтың бауырсақ пісірген видеосы қызу талқыға түсті

"Күйеу жігітке қамшы өргізсін": Тойда қалыңдықтың бауырсақ пісірген видеосы қызу талқыға түсті

 

 

 

Фото: Видеодан скриншот

Бүгінде әртүрлі көрініс көрсету тойдағы трендке айналған. 

Үйлену тойында жаңа түскен келін қалыңдық көйлегімен тойхана ортасында бауырсақ пісірді. Жастар ата-аналарына әдетте тәтті тортан ауыз тиюге беретін. Ерекше тойда қалыңдық бауырсақты дүйім жұрттың көзінше пісіріп екі жақтың ата-анасына ұсынған. Жаңа бастаманы желі қолданушылары түрліше қабылдаған. 

“Жаңа түскен келін ата-енесіне бауырсақ пісіріп беретін болады. Жаным, келген жеріңе майдай жақ”, – деп батасын береді той тізгіндеген әйел. 



Желі қолданушылары той иелерінің ойлап тапқан трендтеріне наразы болып түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі "дұрыс,ерекше, әдемі"десе екіншілері "той үстінде май сасытып пісіртпей-ақ қойған дұрыс" деген ойды алдыға тартты.

“Ішек-қарын тазалатсын енді”, “Бояушы бояушы дегенге артық кетіпті”, “Ешқандай да салт-дәстүрімізді көріп тұрғаным жоқ”, “Күйеу жігітке қамшы өргізсін”, “Көйлегі бүлінетін болды”, – деп негатив пікір жазып жатыр көпшілік. 

Еске салайық, желіде ер адамды бесікке жатқызған видео көпшіліктің ашуын туғызған еді. 

 

https://stan.kz/kuyeu-zhigitke-kamshi-orgizsin-toyda-kalindiktin-bauirsak-pisirgen-videosi-kizu-talkiga-tusti-400077/

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow