”Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы”

”Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы”
”Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы” спорттық ойындардан жарыс өткізілді.
Денсаулық - тән ,рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.
Дүниежүзілік Денсаулық күні бұл атаулы күн Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымының құрылған күнінен бастап аталып келеді. Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды.
А.Суханбаев ауылдық округінің жастары да бұл күнді спорттық ойындармен атап өтті. Ауылдық округтің спорт нұсқаушысы Нұрғожаев Ерғалидың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында ұлттық ойынымыз "Асық атудан", ауыл жастары арасында "Волейбол " және "Кіші футболдан" жарыс өтті.Жарыстың үздік ойыншылары мен жеңімпаз командалар А.Суханбаев ауылдық округі әкімінің "Алғыс хаттарымен" марапатталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow