Қоғамдық кеңес

Қоғамдық кеңес
Әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өткен аудандық Қоғамдық кеңестің отырысына қатыстым.
Күн тәртібіндегі мәселелер мен жұмыс регламенті бекітілген соң, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндадым.
 Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің функционалдық жұмысын атқарудағы есебі тыңдалып, «Байзақ ауданының 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы ретімен есеп берді.
 Баяндамашылардан соң Қоғамдық кеңестің комиссиялары тарапынан құрылған жұмысшы топ мүшелері жарыссөзге шығып, қосымша баяндамалар жасады. Бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Соңынан күн тәртібіне шығарылған мәселелерге байланысты тиісті Қарар қабылданды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow